Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды

Семейде 4-курс студенті Жасұлан Берекеев 3 сәби аман алып қалды, деп жазады Қазақпарат.

Оқыс оқиға 26 қаңтар күні Семейдегі құрылыс колледжіне тиесілі жатақханада болды. Жатахананың бесінші қабатында электр есептеуіш пен автомат тұрған қалқаннан өрт шыққан. 4-курс студенті Жасұлан Берекеев осы жатақхананың төртінші қабатында тұрады. Үстіңгі қабаттан жылаған баланың даусын естіген ол құтқарушылардың келуін күтпестен, өз бетімен әрекетке көшкен. Баланы үшінші қабатта тұрған ересектерге тапсыра салып, үстіңгі қабаттың басқа бөлмелерін де тексеріп шықпақ болады. Соның нәтижесінде тағы екі баланы ажал аузынан алып қалған.

«Балалардың бетін күрткемен бүркедім де, төменге түстім. Бәрі қас қағымда өтті. Қорқуға уақыт болған жоқ», – дейді 21 жастағы жігіт.

Өрт сөндірушілер келгенше жатақхана тұрғындары қызыл жалынмен өз беттерінше арпалысыпты. Осының арқасында тілсіз жау басқа қабаттарға тарап үлгермеген. Қазір Жасұлан Берекеев құтқарған үш бала да дін аман. Колледж басшылығы студентті көрсеткен ерлігі үшін марапаттайтын болды.

Тағы да оқыңыз:

Белгісіз біреулер теракт болатынын айтқан: Алматы полицейлері жарылғыш зат іздеп жатыр

Павлодарда мектеп-интернатының оқушысы есірткі шегіп көз жұмды

Алматылық полицей қала тұрғынын құлдыққа жіберіп, ұлын өлтірмек болған

Талқылау