Талдықорғанда 23 жастағы жүкті әйелде коронавирус расталды
Алматы облысында коронавирус тағы 8 адамнан анықталды. Оның бесеуі Талдықорған қаласында, үшеуі Алакөлде тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007, 1981, 1981, 1993, 2018, 2016, 1990 жылы туған азаматтар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған, ал 1997 жылғы жүкті әйелде профилактикалық тексеру кезінде коронавирус анықталды. Әйел жүктіліктің 29-шы аптасында.
Науқастардың барлығы оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
14 мамырда алғаш рет коронавирус тіркелген Талдықорғанда вирус жұқтырғандар саны 83-ке жетті.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"