Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таксиші қазақ жігіт жолаушыларға “мерседесте” ән айтуды ұсынуда (видео)

Әлеуметтік желі қолданушылар және жергілікті тұрғындар Mercedes-Benz 200 караоке-көлігі жайында көп естиді.

такси караоке

Бұл туралы Life.ru жазды.

30 жастағы Жандос Нажмадинов автокөлігін 2007 жылы сатып алған. 7 жыл таксиші қызметін атқарған соң ол жылжымалы караоке жасауды ұйғарады.

Машина иесі өзінің жастай суретшілікке қызыққанын, сол себепті қиялының жақсы дамығанын айтты.

Караоке-көлікке дайындық 3 жыл бұрын басталған. Жандос алдымен ақша тауып, қажетті материалдар сатып алған. Өз жоспарына аса сенімділікпен қарамаса да, ол райынан қайтпады. Қалада жолаушыларды тасумен айналысып көрді. Көлікке толығымен 1,5 миллион рубль жұмсалды.

Көлік ішінде сымдар көп және кернеулігі 220 В. Арнайы аппаратура және түрлендіргіш орналасқан, сонымен қатар Wi-Fi бар. Клиенттер өлеңді интернет арқылы таңдай алады. Жергілікті тұрғындарға бұл өзара қыдыру, көңіл көтерумен пара-пар.

Көбінде өзгеше тасымалдау қызметіне жастар қызығады. Әсіресе туылған күнде, 8 наурыз және басқа да мейрам кезінде тапсырыстар көптеп келеді.

Жіберіп алмаңыз:

1 сәуірде полицияны алдаған БҚО тұрғыны 6 жылға сотталуы мүмкін

Азаппен өлтірілген 11 жасар Өркеннің анасы: Қылмыскерлер екі дүниеде де тыныштық таппасын

Терроризмді насихаттап түрмеге отырған алматылық бұрынғы діни ұстаздарымен соттаспақ

Алматы облысында қытайлық кәсіпкер мен Қазақстан азаматтары соттасып жатыр

Талқылау