Тағы бір қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды – БАҚ
Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-мен келісімшарт жасасты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вестник ММА" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Әзірге келісімшарттың егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Сонымен қатар келісім жасалғаны туралы ресми ақпарат та келіп түспеген.
Кейін Naiza FC промоушенінің президенті Нұрбек Қарабала Алмабаевтың келісімшарты туралы мәлімдеме жасады.
“Барша Қазақстандықтарды UFC-ге кезекті батырымыздың келісімшартқа отыруымен құттықтағым келеді. Көп жұмыс атқарылды”, – деп жазды ол.
Асу Алмабаев кәсіпқой спортта 19 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сінде жеңіске жеткен. Сонымен қатар Brave FC промоушенінде 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңген.
Соңғы жекпе-жегінде Алмабаев филиппиндік Кеннет Манингатты жеңді. Кездесу 2022 жылдың қарашасында Индонезияда Brave FC 66 турнирі аясында өткен.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

