AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның тағы бір олимпиада жүлдегері допингпен ұсталды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон допинг қолданғаны үшін айыпталды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлімдеді

Федерация мәлімдемесінде айтылғандай, 2022 жылдың 9 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ұлттық құраманың спортшыларын сынақтан өткізді.

Бақылау нәтижелері бойынша келесі спортшылардан допинг сынамалары оң нәтиже берді: Әуелханов Абылай, Сон Игорь, Потасова Юлия, Чалкарова Руфина, Дроздов Алексей, Макрушин Матвей.



Жоғарыда аталған спортшылардың барлығы Алматы облысының өкілдері.

"Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы допингке қарсы пікірді ұстана отырып, бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізуді көздеп отыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған болатын. Бұл оның алғашқы олимпиадасы болатын.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр