Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүрінген жолыңмен жүре бер, бахабист": Мөлдір Анарбаева су тасқынын тоқтататын ырымды жасаған әйелдерді қолдады

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева судың екпінін қайтаратын, тасқынға тосқауыл болатын түрлі ырым-жоралғылар жасаған әйелдердің іс-әрекетіне өңір тұрғындарының тиіспеуін өтінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/moldir_anarbaeva/

Блогер жеке парақшасына видео жүктеп, ұршықты теріс иірген әжені қолдады.

“Жүнін түтіп, ұршығын иіріп отырған апа кімге кедергі келтірді?! Арт жақта сөйлеп, апаны түсіріп жатқан журналистерге кедергі келтіріп тұрған жігіт: көзім ашық бахабистпін деп қояды. Ондайлары да бар ма еді?! Практикаға сенгіш екен, имамның қай практикасы бұған нәтиже берді екен?! Ал тасаттық беріп Алладан жауын тілеген жұрттың кетпей жатып ақ сіркірегенін жауынның астында қалғанын көзбен көргенбіз. Сол саған практика!”, – деп ашуланды желі жұлдызы. 



Сонымен қатар апаның жасаған ырымын көп адамның үйреніп алуына үндеді. Айтуынша,  ырым-тыйым – зияны жоқ, халық ауыз әдебиетінен қалған мұраның бірі екен. 

“Апаға айту керек екен, көп адамға үйретсін. Бұл ешкімге және ешнәрсеге зияны жоқ фольклор. Өткен шақтан қалған бейкүнә із. Сүрінген жолыңмен жүре бер көзі ашық, бахабист! Су тасыған аймақтарды көзбен көріп, құлақпен естіп отырмыз. Тәңірден тезірек қалыпқа келуін тілейміз. Аяқтың астына оратылмай, хайп іздеп, лайк сұрамай шын ниеттес болып отырғанымыз абзалырақ. Ел аяғы басылып, су тартылып, үй соғылған күн туғанда тағы бір көмегімізді береміз. Сол күнге жетейік!”, – деп жазды блогер. 

Айта кетсек, еліміздің 8 өңірінде су тасқынының беті қайтар емес. Тасқын салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар саны 100 мыңнан асты. 

 

Талқылау