Эльмира Суханбердиеваның ұлының қалай көз жұмғаны белгілі болды
ҚР-ның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиваның ұлының неден көз жұмғаны белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 шілдеде кешкі сағат 22:10-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Іле ауданының Өтеген батыр ауылында бассейнге кішкентай баланың тұншығып қалғаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барғанда ересектердің бақылауынсыз қалған 2015 жылы туған баланың жеке үйдің бассейніне құлап түскені және суға батып кеткені анықталды. Балаларды судың жанында бақылаусыз қалдырмауларыңызды тағы да ескертеміз», – деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, бұдан бұрын вице-министрдің кенже баласының қайтыс болып кеткені хабарланған болатын.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген