Париж Олимпиадасында Солтүстік Корея спортшылары Оңтүстік Корея ойыншыларымен селфи жасады
Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Қытайдың үстел теннисшілері трибунаға шығып, бірге селфи жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үшеуі Париж Олимпиадасының жүлдегерлері атанды. Сол үшін марапаттаудан соң бірге фотоға түсті.
Қытайлық Ван Чуцин мен Сун Инша дуэті аралас жұптық сайыста жеңіске жетті. Күміс жүлдені солтүстіккореялық Ли Чон Сик пен Ким Кым Ён жеңіп алды. Қола жүлдеге оңтүстіккореялық Лим Джун Хун мен Шин Лю Бин ие болды.
Трибунада спортшылар бірге суретке түсті. Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның спортшыларының бірге түскені көпті таңғалтты.
Айта кетейік, осындай оқиға 2016 жылы Бразилия Олимпиадасында болған. Оңтүстіккореялық 17 жастағы гимнаст Ли Ен Джу мен оның қарсыласы Солтүстік Корея спортшысы 27 жастағы Хонг Он Джонг та бірге селфи жасады. Кейбір БАҚ Солтүстік Корея қызды өлім жазасына кесуі мүмкін деп жазды.
📸A wonderful moment demonstrating the true #Olympic spirit! #Olympics athletes from 🇨🇳#China, 🇰🇵#DPRK and 🇰🇷#ROK stand together on the podium for a group selfie after mixed doubles final. #Paris2024 #OlympicGames #Wangchuqin #Sunyinsha #TableTennis pic.twitter.com/bJyrotU18i
— Pacific Dialogue (@Pacific_Dialog) July 31, 2024