Сөзім жоқ: Білім министрі анасы далаға қуып шыққан 8 жастағы қыз туралы айтты
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов анасы соққыға жығып, далаға шығарып жіберді деген 8 жасар қызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр қазіргі таңда бұл ақпарат тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Оған қоса, Аймағамбетов кішкентай қыздың аязда далада киімсіз отыруын көрудің өзі ауыр екенін айтты.
"Біз бұл ақпаратты көрдік. Қазір құзырлы органдар бұл мәселе аясында жұмыс істеп жатыр. Сөзім жоқ. Қыздың далада, киімсіз, қарда, суықта отырғанын көру қиын. Мен мұны түсінбеймін. Қыздың өмір сүру жағдайы да қиын сияқты. Бірі балаға зар болып жүр. Ал кейде осындай қиын жағдайлар орын алып жатады. Бірақ әлі нақты ешнәрсе айта алмаймыз", - дейді Аймағамбетов.
Еске салсақ, елордалық келіншек қызын аязда жалаңаш далаға қуып шыққан.
Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
Талқылау

"Курьер болып күніне 100 мың теңгедей ақша табуға болады": Үш жыл Америкада тұрып жатқан қазақстандықтар елге неге қайтқысы келмейтінін айтты
Ерлі-зайыптының екінші ұлдары АҚШ-та дүниеге келген

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді