6 жастағы ұлын ұрып, 8 жасар қызын далаға қуып шыққан: Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді

Нұр-Сұлтанда қызын жалаңаш далаға шығарып жіберген отбасы табылды. Қамқоршылық және қорғаныс органдары, балалардың құқығын қорғау комитеті және полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған дейін елордалық келіншек 8 жасар қызын аязда далаға қуып шыққаны туралы ақпарат тараған. Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатқаны белгілі болды. 

"23 жетоқсан сағат 21:20-да полицияға елорда тұрғынан көршісі 6 жастағы ұлы мен 8 жастағы қызын соққыға алып, кішкентай қызды далаға қуып жібергені туралы хабарлама түсті. 35 жастағы келіншек анықталып, осылайша анасы көршілердің киім ілгішін рұқсатсыз алған балаларын жазалағаны белгілі болды. Отбасы тізімге ілініп, қатаң қадағалауға алынды. Қазір құзырлы органдары баланың заңды қамқоршыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Балалардың құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алғандарын айтты. 

"Баланың тұрғылықты жері анықталды. Қазір ол құзырлы органдардың қадағалауында, қауіпсіз жерде. Балаға көмек көрсетілді", - деп хабарлады балалардың құқығын қорғау комитеті.

Еске салсақ, елордалық келіншек қызын аязда жалаңаш далаға қуып шыққан

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр