СҚО әкімдігі футболшыларға 1,7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ
Фото: istockphoto.com
Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер футболшыларға 1,7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланды. Лоттың сипаттамасында тапсырыс берушінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы екені көрсетілген.
“Атауы – спорт клубтарының қызметтері. Қосымша сипаттамасы – Солтүстік Қазақстан облысының атынан 2026–2028 жылдарға арналған QJ League командалары арасындағы Қазақстан біріншілігіне, сондай-ақ футбол орталықтарының топтары арасындағы республикалық жарыстарда өтетін ҚР чемпионатына дайындық және қатысу қызметтері. Жоспарланған сома – 1 711 163 793,1 теңге”, – делінген порталдағы ақпаратта.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15–23 желтоқсан аралығында қабылданады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы 14 футбол клубының бесеуі жекенің қолына өткені туралы жазған едік.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев