Сиви Махмудидің анасы төрт түлік малға толы фазендасын көрсетіп мақтанды (видео)
Сиви Махмуди күйеуімен бірге шетелде демалып жатқан уақытта, әншінің ата-анасы немерелерімен уақыт өткізуде. Күні кеше Сивидің анасы немерелерін үйір-үйір жылқы мен отар-отар қойға толы фазендасына алып барғанын айтты. Анар Рүстемова инстаграм арқылы жеке қожалығын көрсетіп мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Немерелерім күндіз-түні ғаламторда отырмасын деп қазақтың төрт түлігінің бірі мал екенін білсін деп, немерелеріміз үшін мал бағып жатқан жағдайымыз бар. Мал десе ішіп отырған асын тастай салып жүгіреді, Аллаға шүкір, ең бастысы қазақпыз, мұсылманбыз, соны бағалайық періштелерім менің”, – деп бөлісті ол.
Видеодан фазенданың айтарлықтай үлкен екенін байқауға болады. Сивидің әкесі, меценат Махмұд Нәлібаев қой мен жылқыдан бөлек, қора-қора түйе асырайтын көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Қуандықпен ән салмай кеткен Гаухарды Әбдірайымов қамқорлығына алды
Ерке Есмаханға 800 мың теңгенің сөмкесін сыйлаған жігіт кім (фото)
Мөлдір Әуелбекова қарияға дөрекілік танытқан Төреғалиді жақтап сөйледі
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”