Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы 24 жастағы қазақстандық туралы хабарламаға түсініктеме берді

Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы 24 жастағы қазақстандық туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді. Министрлік азаматты елге жеткізу үшін Таиланд дәрігерлерінің медициналық үзіндісі негізінде жасалған қазақстандық дәрігерлер кеңесінің қорытындысы қажет екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылар зардап шегушіге жасанды тыныс алып, кейін келген дәрігерлерге тапсырған. Қазір жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр.

"Отандасымыздың жағдайы ауыр, комада жатыр. Таиланд билігінің ескертуі мен тыйымына қарамастан ол толқынды теңізге барған. Соңғы күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауларға қызыл ескертпе жалаулар қойылған", – деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек.Смадияров.

Министрлік қазір азаматты елге қайтару үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты. 

"Жәбірленушіні Таиландтан Қазақстанға санитарлық авиация ұшағымен жеткізу үшін қазақстандық дәрігерлер кеңесінің қорытындысы қажет. Ол Тайланд дәрігерлерінің медициналық үзіндісі негізінде жасалады. Қазірдің өзінде бұл мәселемен консул айналысуда. Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып кетті. Олар дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөздерге қатысады", – деп қосты Смадияров.

Сыртқы істер министрлігі Таиландта демалатын Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады.

"Метеорологиялық шектеулер кезінде жергілікті биліктің ережелері мен талаптарын орындаңыз және теңізге шомылмаңыз. Өкінішке орай, бұл соңғы аптада Тайландтағы отандасымызбен болған екінші оқиға", - деп түйіндеді ол.

Еске салсақ, Қазақстандық азамат Таиландта қатты толқын кезінде жұбайын құтқарамын деп суға батып, ауыр қалге түскен болатын.

Талқылау