AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер: Қазақстанда 3-5 мамыр күн суытып, жауын жауады

Мамырдың 3-5 аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жауын жауады, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, ауа температурасы батыста төмендейді, оған әсер ететін солтүстік-батыс антициклоны басқа аумақтарға жылжиды.

"Елдің батысында ауа температурасының төмендеуіне ықпал еткен солтүстік-батыс антициклоны елдің солтүстік- батыс, солтүстік, орталық өңірлеріне қарай ойыса береді. Бұл аймақта термометр бағаны түнде -6 градусқа дейін төмендеп, Қарағанды облысыың оңтүстігінде -10-15 градус, күндіз 7-23 градус жылы болады. Түнде және таң ата тұман түседі.

Қазақстанның оңтүстік жартысында Оңтүстік циклонының ықпалымен жауын жауып, кей жерлерде нөсерлетіп, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Обь аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылмалы болады", – делінген хабарламада.

Синоптиктер жауын жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 градусқа дейін жететінін айтады.

Жалпы алғанда республиканың басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан мамыр айының басында күн аздап жылына түседі. Апта соңында температура 13-25 градусқа дейін жылиды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр