Синоптиктер: Жаңбырлы күндерден кейін суық келеді
Қазақстан бойынша 2021 жылғы 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеп.

"Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады. 20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12 жылыға дейін, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 жылыға дейін төмендейді. Республика бойынша жекелеген аудандарда желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген ауа райы болжамында.
Джульеттаның кеудесін ұстап, құлпытасты сүйеді: Әлемдегі ең оғаш туристік ырымдар тізімі
Stan.kz редакциясы ерекше жоралғыларға шолу жасады
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан