Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы Қазақстан әскерлерінің Сирияға жіберілуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан әскери қызметкерлерін Сириядағы деэскалация аймақтарына жіберу бойынша келіссөз жүргізіп жатқан жоқ, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

parad

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Қазақстанның мүдделі елдерге Астанада кездесуге алаңқай ұсынуы сириялық дағдарысты реттеу процесіне еліміздің қосқан шынайы үлесі. Қазақстан әскери қызметкерлерін Сирияға жөнелту мәселесі бойынша ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы төрт деэскалация аймағының қауіпсіздігі мен тиімділігінің сақталуы қазіргі уақытта астаналық процестің кепіл елдері құзыретінде, олар осы және басқа да мәселелерді Астанада 4-5 шілдеде өтетін кездесуде талқылайды”, — деді Әбдірахманов тілшілерге дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезінде.

Сонымен бірге, министр атап өткендей, Қазақстан үшін бітімгерлерін әлемнің кез келген бұрышына жіберу мүмкіндігін қарастыруға негізгі шарт – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешімінің болуы.  Айта кетейік, бұдан бұрын Қырғызстан мен Қазақстанның әскери қызметкерлерін Сирияға жіберу туралы түрік және ресейлік БАҚ көздері жазған еді.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы елге ораламын деген қандастарға құжат жинатып, шырғалаң туғызбауды тапсырды

Назарбаев мектепті бітірген жылы күзетші болып жұмыс істеген

Президент: Әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі

Талқылау