Шымкентте бүлдіршінге тиіспек болған педофил ұсталды
Шымкентте полицейлер балаға тиіскен ер адамды ұстады.

ІІД мәліметінше, оқиға 1 шілде күні болды.
«Оқиға Шымкент қаласының Еңбекші ауданында тіркелді. Полицейлер тез арада күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторында. Сараптама тағайындалды», – деді ІІБ.
Кеше әлеуметтік желіге тараған видеодан ер адамның балаға тап бергені, кейіннен саты астына жасырынғаны байқалады. Подъезге өзге әйел кіргенде ер адам сыртқа қашып шығады.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 1985 жылы туған. Қалада анасымен бірге тұрады.
Полиция баланың жас екеніне байланысты отбасына ауыр түспес үшін видеоны жарияламауды сұрайды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"