"Шұлығын кез келген жерге шешіп кетсе ренжімеймін": Жазира Байырбекованың жазбасы көпті ойландырды
Танымал әнші Жазира Байырбекова ер-азаматтарды сыйлауға бағытталған жазбасы көпшілікті сүйсінтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/
Өнер иесі “Серпер” тобының мүшесі болған, марқұм Бейғазы Тұтқабековті есіне алды.
“Үйде күйеуінің шұлығы. Марқұм Бейғазының әйелі Гүлшат үйін жинап жүріп бірнеше жыл қозғалмаған шифонердің артынан өмірден өтіп кеткен күйеуінің шұлығын тауып алады. Отыра қалып, иісіне де, кіріне де қарамай иіскеп, аңсап жылайды. Гүлшаттың осы әңгімесі мәңгі есімде қалып қойды.Содан бері күйеуім носкиді қай жерге шешіп кетсе де ренжімейтін болдым”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әйелдерге күйеулеріне дауыс көтермеуге үндеді.
“Қандай керемет әңгіме?!”, “Қасиетті әйел заты ұлығы, Іс-әрекетпен таусылмайтын қулығы. Ер-азаматқа ренжімеңдер, әйелдер! Әр жердің көркі болып, шашыла берсін шұлығы”, “Шешпек түгілі шұлығын жуамыз ғой”, “Бұл да дұрыс шығар, кейде шын ренжіп жатамыз жинасай деп бірақ ойлап отырсаң оның жатқаны да, бар болғаны да жақсы екен ғой енді менде ренжімейтін боламын!”, “Жаман қара шалдарымыз аман болсын!”, “Дәл осы носки туралы ойламаппын қайда жатсада тауып жуып коямыз таппасаң соғыс қой, мен лақтырып кеткендей”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, "Өкшемді баса алмай қалдым" деп Жазира Байырбекованың денсаулығы сыр берген еді.