Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шорнақ ауылының тұрғындарын тәртіпсіздікке шақырған төрт адам табылды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Шорнақ ауылының тұрғындарын тәртіпсіздікке шақырған төрт күдіктіні тапты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол арандатушылықты ұйымдастарған алты адам болғанын, оның төртеуі ұсталғанын жеткізді. 

"Кеше Өмірзақ Шөкеев Шорнақ тұрғындарына уәде еткендей, полиция адамдарды әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде заңсыз әрекеттерге шақырған алты арандатушының төртеуін тапты. Қалғандарын анықтау және іздеу жұмыстары жалғасуда", - деп жазды Қалқаманов.

Еске сала кетейік, жұма күні Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев Шорнак ауылындағы жағдай туралы жедел штаб отырысында жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқандардың бәрі жауапқа тартылатындығын айтқан болатын.


Ішкі істер министрі Тұрғымбаев азаматтардан тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сенуді, қасақана жалған ақпарат таратуға қатыспауды және арандату қоңырауларына жол бермеуін сұрады.

Мемлекет басшысы жағдайды бақылауда ұстауды, жергілікті қоғамдастықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, арандатушылардың күштердің жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттерін болдырмауын, заң бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Талқылау