Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл - ұят нәрсе". Түркістан облысының әкімі Шорнақ ауылы тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шорнақ ауылында құрылған жедел штаб отырысына қатысып, ел тыныштығын сақтауда жүйелі жұмыс жасаған штаб жұмысына алғысын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жиыннан соң ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімі келеңсіз жағдайға байланысты пікір білдірді.

"Шорнақ - мыңжылдық тарихы бар мекен. Кеше орын алған жағдай бүкіл елге тарап, ыңғайсыз жағдай болды. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауыл үшін бұл - ұят нәрсе. Әрине, әлеуметтік желінің дамыған уақытында бұл жағдайды бұрмалайтын арандатушылардың болары анық. Тек солардың сөзіне ермеу керек. Ел арасына дау, ірткі салған адамдарға қатаң жаза қолданылады. Ал, сіздер жастар мен аға буынды сабырға шақырып, бірліктеріңізді нығайта түсіңіздер" деген өңір басшысы мұндағы әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге баса назар аударылатынын жеткізді.

Облыс әкімінің сөзін құптаған ауыл ақсақалдары да өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

"Шорнақ ауылы осы уақытқа дейін дау шығарған ауыл емес еді. Кешегі оқиға барлығымызды есеңгіретті. Себебі, әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат көп тарады. Осындай жағдайдың орын алуына себеп болған жастар үшін барлықтарыңыздан кешірім сұраймыз. Біз, қазақ, өзбек - ағайын халықпыз. Тіліміз, дініміз бір елміз",- деді ауыл ақсақалдары. Сондай-ақ, басқосуда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы ауыл тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа шақырды.

Еске салсақ, 21 шілдеде Түркістан облысы Шорнақ ауылы тұрғындары арасында жалжал орын алды.

Ішкі істер министрі Тұрғымбаев Түркістан облысында орын алған тұрмыстық жанжал бойынша тәртіп бұзғандар қатаң түрде жазаланатынын айтып, тиісті шаралар қабылданғанын жеткізді. 

Талқылау