"Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында": Сәтбаев әкімі тұрғындарға үндеу жариялады
Сәтбаев қаласында бес жасар қызды ұрлау ісі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына арналған бейнетүсірілімде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасымбек қазіргі таңда қыздың ата-анасымен бірге үйде екенін және оның денсаулығын білікті мамандар қадағалайтынын айтты.
"Өкінішке орай, Сәтпаевта болған оқиға кезінде кінәсіз адамдар жапа шекті. Тәртіп бұзушыларды тоқтату үшін жеке құрам оқиға орнында қызмет істеуде. Мен біздің азаматтарымыздың жүрегіндегі наразылықты түсінемін. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан да өзімізді қолға алып, орын алған жағдайға әділдікпен қарауымыз керек", - деді Жеңіс Қасымбек. Ол сондай-ақ тергеу аяқталғаннан кейін кінәліні қатаң жаза күтіп тұрғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаев тұрғындары 5 жасар қызды ұрлап кеткен күдіктіні жазаламақ болып көшеге шыққан еді.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған