ШҚО-да пайда болған құйын жұртты шошытты (видео)
16 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында пайда болған құйын Аягөз тұрғындарының зәре-құтын қашырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Табиғаттың бұл құбылысы түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Куәгерлердің сөзінше, дауылға ұласқан құйын бірнеше үйлердің шатырын жұлып әкетіп, тіпті, ағаштарды құлатқан.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, құтқарушылар зардап шеккен ауылдарды аралап жүр екен. Қажетті ақпарат жинастырылуда.
Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет өңірде дауылды ескерту жариялаған.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған