Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да көз жұмған балалардың ісін енді жемқорлыққа қарсы қызмет тексермек

Шығыс Қазақстан облысы Аягөздегі интернатта көз жұмған балалардың ісін енді еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тексертін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Еске салайық, бұған дейін істі өз қадағалауына алған мемлекеттік комиссия балалардың көз жұму себебі қызылша емес деп мәлімдеген болатын. 

"Балалар бір айдың ішінде әр түрлі уақытта қайтыс болды. Олардың туа біткен аурулары асқынып кеткен. Алғашқы жағдай 2-сәуірде болды. Ол кезде 2008 жылы туған бала көз жұмған. Дәрігерлердің шығарған қорытындысы: өлімге қызылшаға қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті медициналық куәліктер мен актілер де бар. Жан тапсырған жеткіншектерден бұрын ата-аналары бас тартқан", - деді ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат.

Айта кетерлік жайт, балалардың ағзасынан ішек таяқшасы да табылыпты. Алайда мекемнің есебіне сүйенсек, басшылық сәуір айында 750 мың теңгеге бекіре уылдырығын және 650 мыңға 60 келі қызыл балық сатып алыпты. Енді осы ас мәзірі шынымен балаларға арналып жасалды ма деген сұрақты тексеруге жемқорлыққа қарсы қызмет анықтайтын болды. 

"Бұл оқиғадан кейін тиісті іс-шаралар қабылдаймыз. Нақтырақ айтсақ, аталмыш мекеме қазына қаржысын қалай жұмсағанын тексереміз. Тексерудің қорытындысы міндетті түрде жарияланады", -деп мәлімдеді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіның өкілдері.

Оқиғадан кейін Аягөздегі интернаттың директоры, оның орынбасары және бөлім басшысы тәртіптік жазаға тартылыпты.

Бұған қоса еліміздегі  113 әлеуметтік орталықтың жұмысы тексерілетін болды. Еңбек және әлеуметтік министрлігі алдымен балаларға арналған оңалту мекемелерін тексеретінін жеткізіпті. 
 

Талқылау