ШҚО әкімі Сақтағанов Германия елшілігімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

19 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Киннемен және неміс компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар экономикалық әріптестік, инвестициялық жобалар және инновациялық бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
“Германия облысымыздың маңызды технологиялық және экономикалық серіктесі. Қыркүйек айында аймаққа Германия Елшісінің сапары екіжақты диалогты күшейте түсті. Өңір экономикасының негізгі бағыты - металлургия. ШҚО-да 70-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен туризм салалары да қарқынды дамып келеді”, – деді аймақ басшысы.
Кездесу барысында әкім неміс кәсіпкерлерін облыс аумағында түрлі жобаларды қолға алуға шақырды. Олар да өз қызығушылықтарын білдірді. Осылайша кездесу екіжақты серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 39,5 млн АҚШ долларын құрап отыр.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды