Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы расталды. Бұл фактіні Шымкент полициясы анықтады. Бұған дейін қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған. Енді шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент полициясының хабарлауынша, спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов заңды бұзған. Ел тұрғындарына қазақстандық азаматтықтан басқа екінші азаматтық алуға тыйым салынған.

Сондықтан шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың қос азаматтықта болу фактісін анықтады.

Азаматтық туралы заңға сәйкес көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловты  ҚР азаматтығынан айыру фактісін тіркеді", - деп хабарлады Шымкент ПД азаматтық және иммиграция бөлімінің бастығы Гүлжан Нысанбаева.

Шымкенттік шенеуніктің қос азаматтығы туралы ақпарат желіде бірнеше ай бұрын пайда болған. Почиваловтың Қазақстан мен Ресей азаматтығы бар екен хабарланды.

Бірақ Шымкент әкімдігі бұл ақпарат жоққа шығарды.

"Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың бір азаматтығы бар екенін хабарлаймын. Ол Қазақстан Республикасының азаматы", - деді Шымкент қаласы спорт басқармасының баспасөз хатшысы Малика Жалилова.

Айта кетейік, Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.

Талқылау