Шымкентте жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған келіншек ұсталды
Шымкентте полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастай салған әйелді тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Еске салсақ, нәрестенің денесін бір күн бұрын Шымкенттегі мейрамханалардың бірінің маңынан аула сыпырушылары тауып алған.
Полиция мәліметінше, күдікті – 25 жастағы келіншек, қазіргі таңда ол полиция бөліміне жеткізілген.
Кіндігі кесілмеген күйде: Шымкенттік жұмысшы жаңа туған нәрестені қалай тапқанын айтты
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол "Анасының өз туған нәрестесін өлтіру" бабы бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот-медициналық сарапшылар баланың туғанда тірі болған-болмағанын анықтауда.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік