Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пәтерде ит үрсе айыппұл салынады

ШҚО-да тұрғын жұмысқа бара жатып, иттерін үйінде қамап кеткені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Время

Шығыс Қазақстан облысы екінші сатыдағы сотының мәліметінше, оқиға өткен жылдың желтоқсан айынан бері созылып келеді.

Қала тұрғыны жұмысқа кетерінде үш итін пәтерінде қалдырған. Кейін жануарлар үйде үре бастаған. Көршілердің бірі полицияға шағымданады.

Салдарынан тәртіп сақшылары үй жануарларының иесін иттерді ұстау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол осымен бір жылда екі рет тәртіпті бұзған. Әйел сот шешіміне шағымданғанымен еш нәтиже болмады. Ол 51 688 теңгеге дейін төмендеген шектегі айыппұл сомасын төлеуге міндеттелді.



"Азамат үй жануарларын қараусыз қалдыруға жол бермейтін экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен бекітілген үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілік қағидаларының 2-тарауының 10-тармағының талаптарын бұзды", – деп мәлімдеді сотта.

Талқылау