640 миллион теңге шығын әкелген: Шымкентте салық төлемеген кәсіпкерге сот үкімі шықты
Шымкентте салық төлемей жалтарып, мемлекетке 640 миллион теңге борышты болған кәсіпкер үш жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, ЖШС директоры жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактуралар жазып беріп, заңсыз схемаларды қолданған.
“Одан бөлек, кәсіпкер қызметкерлерге зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жеке табыс салығын төлемеген”, – деп атап өтті Шымкент прокуратурасы.
Қадағалау ведомствосы осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, айыптау қорытындысымен сотқа жолдады. Нәтижесінде кәсіпкер үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін қаладағы жасыл аймақтарды күтіп-ұстауға және абаттандыруға миллиондаған тендер алған тағы бір шымкенттік кәсіпкер "Шымкент Жасыл қала" ЖШС басшысы Нұрхан Егізбаев 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді