Шымкентте өртенген ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
Шымкентте өртенген ғимараттан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR порталына сілтеме жасап.

21 мамырда сағат 21:45-те "101" пультіне Шымкентте Тәуке хан даңғылы бойындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер қолданысқа әлі берілмеген ғимараттың (жалпы көлемі 400 шаршы метр) бірінші қабатында өрт шыққанын анықтаған.
Өрт 22:17-де ауыздықталып, 22:27-де сөндірілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан жанып кеткен адамның мәйітін тапты. Қазір қайтыс болған адамның кім екені анықталып жатыр.
Шымкенттің полиция қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды