Шымкентте карантин 11 қаңтарға дейін ұзартылды
Шымкенттің бас санитар дәрігері шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Шымкент қаласының аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген қаулыда.
Осылайша, бұрынғы шектеулер күшінде қалады, оның ішінде: жаппай іс-шараларға тыйым салу, 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға тыйым салу және т.б. бар.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды