Шымкентте депозиттен 445 мың доллар ұрлаған банкир сотталды
Шымкентте "Цеснабанктің" (қазіргі Jýsan Bank)бұрынғы басшысы Нұржан Көлбаев салымшылардың депозитінен 445 мың доллар ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды. Үкімді қалалық соттың қылмыстық істер бойынша апелляциялық коллегиясы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Оның сыбайласы Әсел Садықова 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс материалдарына сәйкес, Нұржан Көлбаев 2017 жылы депозиттерден қаржы шешіп алып, жасырынып қалған. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Кейін банкир қолға түсіп, Әсел Садықовамен бірге сот алдында жауап берді.
2022 жылдың 5 шілдесінде прокурорды тыңдап, барлық материалды зерттеген соң, сот екеуін де ақтаған. Апелляциялық арыз беріліп, нәтижесінде мән-жайы зерделенген соң 26 қыркүйекте Көлбаев пен Садықова сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"