Шымкентте 15 жастағы оқушы өз әкесінен жүкті болып босанған
Жаға ұстатарлық оқиға Шымкентте орын алған. 15 жастағы мектеп оқушысы өз әкесінен жүкті болып, босанған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеп хабарлайды.
Қызының жүкті болып қалғанын ел біліп қойған соң, әкесі өзіне қол салған. Іс сотқа дейін жетпеген. Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандары айтты.
Олардың айтуынша, босанған қыздың анасы жаңа туған нәрестеге қамқорлық жасайды.
"9-сынып оқушысы осы жылдың мамыр айында сәбиін дүниеге әкелді. Бұл зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па, біз айта алмаймыз. Мұны полицейлер анықтап жатыр. Сәби қазір оқушының анасында", - дейді Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы Ұлжалғас Саурабаев.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды