Африкада 10 жылда алғаш рет қар жауды (видео)
Оңтүстік Африканың ең ірі қаласы Йоханнесбургте қар жауды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Билік оңтүстік африкалықтарға жылы киінуге кеңес берді, өйткені суық фронт елдің көп бөлігін қамтыды. Бұл суық кем дегенде бір апта сақталуы мүмкін.
"Әзірге қардың жаууы үлкен қиындықтар туғызбады", - деді Оңтүстік Африка ауа райы қызметінің (Saws) өкілі.
Оңтүстік Африканың бірқатар провинцияларында, соның ішінде Шығыс Кейпте, Мпумалангада және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағында қар жауды.
Метеорологтар шаруаларға мал ұстауға қолайлы жылы үйлер табуға кеңес берді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды