Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шығын – 5,5 миллиард теңге: Ақтауда үш тұрғын үй құрылысының үлескерлер ақшасын жымқырғандарға үкім шықты

құрылыс

Ақтауда "Сұлтан", "Аққала" және "Мұрагер" көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған істі Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізді.

Тергеу барысында "ИнтерьерСтройАқтау" ЖШС басшылары құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан, 590 үлестік қатысу келісімшартын жасасқаны анықталды.

Нәтижесінде үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 миллиард теңгеден астам қаражат тартылған.

“Құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған. 1,9 миллиард теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген”, – делінген хабарламада.




 Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды.

Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 миллиард теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударылған.

Еске салсақ, Ақтауда үлескерлер үй аламын деген үмітпен алаяқтардың қолына 6,5 миллирд теңге ұстатқаны айтылдған еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 14:06
Талқылау