Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік ұйым ғашықтарға жалақысы 10 мың доллар болатын жұмыс ұсынып отыр

Американдық зергерлік ұйым ғашықтар жұбын іздестіруде. Олар әлемнің түкпір-түкпірін аралап, ең романтикалық жерлерді іздейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Париж

Шетелдік ұйымның мәлімдеуінше, жалданған жұп Еуропаны аралап, үйлену туралы ұсыныс жасайтын ең көрікті жер іздейді. Бұған қоса ғашықтар өздеріне ыңғайлы жұмыс уақытын құрастыра алады.

Жалақысы 10 мың долларды құрайтын бұл қызметке ұйымдастырушылар сағатына ақша төлейміз деп отырған көрінеді. Бұл жұмысқа кіру үшін ғашықтар бірнеше сұрақтарға жауап беріп, неліктен оларды таңдау дұрыс шешім екендігін айтулары керек. Сонымен қатар олар өздері жайлы бейнежазбаны ұйымдастырушылардың сайтына жүктеулері тиіс. 

Бұл жұмысқа шақырып отырғандар ғашықтардың шынайылығын тексеретін болады, бірақ олардың ресми түрде некелеспеген болулары міндетті. Ал егер жұптар әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары болса тіптен жақсы екен. 

Бұл жұмысқа өтініш 14-28 ақпан аралығында қабылданады, ал жеңімпаз жұп 6 сәуір күні анықталды. 

 

 

Талқылау