Маңғыстау облысында шенеунік жол құрылысы кезінде пара алғанын мойындады
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығына қатысты пара алу дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшыcы "Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жолдың құрылысы кезінде заңды тұлғалардан 1 миллион теңге көлемінде пара алуына қатысты сот алды тергеу жұмыстарын аяқтады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.
Күдікті кінәсін мойындап, енді сот шешімін күтуде.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданы Баянды ауылында жаңадан төселген асфальт жабынын қолмен оңай бөліп алуға болатыны көрсетілген видеоны жарияланған болатын.
Талқылау
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді
Әйел бұған дейін тағы бір АҚШ азаматымен отбасын құрғаны және оған да физикалық күш қолданғаны жөнінде дерек бар
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең