"Шәй құймаймын, орамал тақпаймын": Әсел Сәдуақасова қандай келін екенін айтты
Танымал актриса Әсел Сәдуақасоваға оқырманы келіндік өмірі жайлы сұрақтар қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мен классикалық келіндердің қатарынан емеспін. Шәй құймаймын, орамал тақпаймын. Бірақ енемен жолы болған адаммын. Мағжанның анасы үшін мұндай дүниелер маңызды емес. Бұл туралы өзі айтқан болатын. Басымыз қосылып, қонаққа барған кезде керісінше, менен “Не жегің келеді? Не дайындап берейін?” деп сұрайды. Барған сайын дәмді тағам әзірлеп мені күтіп алады. Мама, біз сізді жақсы көреміз”, – дейді Әсел Сәдуақасова.

"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"