Шаш үлгісін өзгерткен Мәдина Сәдуақасова елден сөз естіп қалды
Мәдина Сәдуақасова шаш үлгісін өзгертемін деп елден сөз естіп қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Стилімді, образымды өзгертемін деп уәде берген әнші көп күттірмеді.
"Бұндайды менен ешкім күткен жоқ. Тіпті өзім де..
Білмеймін, Алматының ауа райы әсер етті ме, бірақ, бүгін @diva_boni-дың салонына барып: "Балнұр, не істегің келеді, соны жаса", – деп айттым. Та-даам! Бір сағаттың ішінде супер жаңа прическа.
Қыздар, бұндай шаш үлгісін бұрын-соңды ешкімнен көрген жоқсыздар ғой, да?!
Жаңа тренд! Жаңа образ! Жаңа альбом! Көзімізді үйрете берейік, бұл өзгерістердің тек басы. Қалай сіздерге?" – деп жазды Мәдина Instagram-дағы парақшасында.
Алайда көпшілік Мәдинаның бойындағы бұл өзгерісті оң бағаламады.
"Өлә, не болды? Дым жараспай қалды ғой", "Не істеп тастадың шашыңмен, жаным?", "Бұрынғы шашыңыз өзіңізге күшті жарасатын еді, мына шаш біртүрлі (ренжімеңіз) Бірақ бояндырып, шашты тегістеп істегенде әдемі, бірақ күнде осылай боянып, шашты тегістемейсіз ғой!", "Өзіңіз өкініп қалған шығарсыз", "Жараспады", "Не болды мынау, масқара", "Шашыңызды құртты ғо", – деп сынға алды оқырмандар.