Шахтинскідегі балабақшалардың бірінде өрт шықты
Шахтинскідегі балабақшада өрт шығып, 105 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт балабақшаның музыка бөлмесінен шыққан.
"Гүлдер" балабақшасындағы өрт 20 қыркүйек күні болған.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақшадағы жиһаздар, оргтехника, музыкалық аппаратура және жалпы аумақтағы музыка бөлмесіндегі жылытқыш жанып кеткен.
"Төтенше жағдайлар қызметі келгенге дейін ғимараттан 132 адам, оның ішінде 105 бала эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр жылытқышының қысқа тұйықталуы", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте Тараздағы мектептердің бірінде жарылыс болған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды