"Сені сүйемін, сенің жаныңда ешкім тұра алмайды": Қайрат Нұртас әйеліне жазба арнады
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы "Әлем ханымы-2020" байқауында жеңімпаз болуымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сенi сүйем, жаныңда ешкім тұра алмайды! Жаным, құтты болсын!!!", - деп Instagram-да.
Жұлдыз ханымның жеңісі 25 желтоқсанда белгілі болды.
Жұлдыздың айтуы бойынша, байқау тек сыртқы ғана емес, сонымен қатар ішкі сұлулықты, интеллектті үйлестіріп, нәзік рухани әлемді ашуға мүмкіндік береді.
Іс-шараның басты мақсаты - бүкіл әлемдегі әйелдерге қолдау көрсету. Оған әлемнің барлық елдерінен - отбасылы, ажырасқан немесе жесір қалған - 18 мен 55 жас аралығындағы әйелдер қатысады.
Пандемияға байланысты биылғы байқау онлайн режимінде өтті. Интернет қолданушылары үміткерлерге 24 күн ішінде дауыс берді.
Miss Universe - бұл жыл сайынғы және беделді халықаралық сұлулық байқауы.
Жұлдыз ханым өзіне қолдау көрсеткен халыққа алғысын айтты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды