Сенат референдумға қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенаттың жалпы отырысында "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Конституциялық заң жобасы қаралды. Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжаттың бұрынғы нұсқасы бойынша Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты мәселелер республикалық референдумның нысанасы бола алмайды. Сенат депутаттары бұл норманы заң жобасынан алып тастауды ұсынды. Түзету қолданыстағы Заңның 3-бабының 2-тармағы туралы болып отыр.
Сенаттың редакциясында бұл норма "мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзгерту" мәселелері ғана референдумның нысанасы бола алмайтынын көздейді. Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарайды. Егер олар келіссе, құжат алдағы уақытта Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"