Соңғы жаңалықтар

Сенат президенттің өкілетін кеңейтті

Сенат төтенше жағдай кезінде Қазақстан президентінің өкілеттігін кеңейтетін "төтенше жағдай мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

Заң қабылданғаннан кейін билік төтенше жағдай кезінде жеңілдетілген тәртіппен шешім қабылдай алады деп күтіліп отыр.

"Заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 16 наурыздағы "әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" жарлығын орындау үшін әзірленді. Заң жобасының мақсаты - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай кезеңінде жедел шаралар қабылдау мүмкіндігі. Заң жобасы аясында төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмі анықталады", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

"Төтенше жағдай туралы" және "құқықтық актілер туралы"заңдарға түзетулер енгізу жоспарланып отыр. "Төтенше жағдай туралы" заң төтенше жағдай кезеңінде заңнаманың жекелеген салаларының әрекет ету ерекшеліктерімен толықтырылады. Олар 14 бағытты қамтиды:

- салықтық, бюджеттік, кедендік, банктік, еңбек, монополияға қарсы заңнама;
- денсаулық, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңнама;
- әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында;
- сондай-ақ елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру.

Төтенше жағдай кезінде қабылданған құқықтық актілер, Дәленоатың айтуынша, оның жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолданады. Ерекше жағдай әр түрлі мерзімге белгіленетін актілерге қатысты. 

Сонымен қатар, заң жобасының ғылыми-экономикалық сараптамасының қортындысында: "Заң жобасын іске асыру президенттің төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық қатынастарға жедел араласуын қамтамасыз етеді, бұл тұрақтылықты сақтауға және ұлттық, оның ішінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шараларды талап етеді", - делінген.

Заң жобасын түсіндірген жазбада төтенше жағдай енгізілген және осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайына байланысты туындаған кезеңде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында Президентке заңнамада көзделген жекелеген қоғамдық қатынастарды реттеудің өзге де тәртібін белгілеу жөнінде өкілеттіктер беру ұсынылғаны хабарланды.

Президенттің актілері негізінде салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, монополияға қарсы заңнама, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнама, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелері бойынша заңнаманың қолданылу ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр