Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Семейде баланың шарасыз күйін пайдаланып, зорлық көрсеткен педофилге қатысты үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Abainews.kz хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Абай облыстық қылмыстық істер бойынша сотында сотталушы адвокаттарының апелляциялық шағымы қаралды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Жас балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсету” бабымен істі болған.
Іс материалына сәйкес, ер адам баланың шарасыз күйін пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткен.
"Г есімді азамат кінәсін мойындаған жоқ. Бірақ оның кінәсі қылмыстық іс материалымен, сот-медициналық сараптама қорытындысы, куәгерлер жауабымен дәлелденді", – делінген сот материалында.
Сондай-ақ мамандандырылған ауданаралық сот ер адамды кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгертпеді. Ол өмір бойына педагогикалық қызмет атқара алмайды.
"Апелляциялық сот үкімді нақтылап, өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейді", – деп қосты соттың баспасөз қызметі.