Семейде фотосессия жасамақ болған екі қыз мұз астына құлап кетті – олардың бірі қаза тапты
Қайғылы оқиға Ертіс өзенінің бойындағы Восточный ауылында болды. Қыздар фотосессия жасап жатқан кезде астарындағы мұз ойылып кеткен. Олардың бірі 22 жастағы бойжеткенді әкесі құтқарып үлгерсе, екіншісі 23 жастағы туысы өзеннің түбіне түсіп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары келгенге дейін сол маңда кездейсоқ болған Әли Тораев көмекке жетіп, 1998 жылы туған қызын аман алып қалды, оған медициналық көмек қажет болмады. Ол 1999 жылы туған екінші туысына көмектеспек болғанда, үлгере алмай қалған, марқұмның денесін ғана алып шыққан", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
- Қостанай облысында өрт кезінде үш кішкентай бала қаза тапты
- Жамбыл облысында жасөспірім пойыздың астына түсіп қаза тапты
Құтқарушылар тұрғындардан абай болуды және көктемгі мұз үстімен жүрмеуді, әсіресе балалардың онда ойнауына жол бермеуді және ескертулерді назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн