Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы бүгіннен бастап қаланың әкімі қызметін атқармақ. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 1970 жылы туған. Бұған дейін ол түрлі қызметтерде болған, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарған. Соңғы қызмет - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі. Семей қаласының әкімі ретіндегі жаңа қызметінде Нұрымбет Сағатағанов қаланы 2015 жылдың маусымынан бері басқарған Ермак Сәлімовтің орнына келді.

Нұрымбет Сақтағанов Қызылорда педагогикалық институтының, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің, қашықтықтан білім беру институтының, Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтының түлегі. Оның "мұғалім", "есепші", "заңгер" мамандықтары бойынша дипломдары бар. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы 172-орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысының кеден басқармасында, содан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер министрлігі кеден комитетінде жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Республикасының парламентіндегі үкіметтің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы және министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Кезінде ол Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды, әкімшіліктің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

2018 жылдың мамыр айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін Семей қаласының әкімі қызметін атқарған Ермак Сәлімов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тұрғын үй және құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Талқылау