Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей байланыста: "Қазақтелеком" жаңа тұрғын үйлерді жылдамдығы жоғары интернетке қосып жатыр

Қазақстанның жетекші телеком-операторы көпқабатты үйлердің жаңа қоныстанушыларын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіп, заманауи цифрлық сервистер әлеміне есік ашты әрі Абай өңірінің облыс орталығында өзінің оптикалық желісін кеңейтті.

Айта кетейік, өткен жылы Семейде "Қазақтелеком" "Атамекен" және "Аружан"   жаңа тұрғын үй кешендерін GPON желісіне қосып, 300-ге жуық отбасын 500 Мбит/с дейінгі кепілді жылдамдықпен заманауи технологияға сай барлық телеком-қызмет және сервиспен қамтамасыз етті. Жаңа қосылым интернетті бірнеше адамға ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар, TV+ бейне қызметінде жоғары сапалы фильмдер мен сериалдарды көруге, сондай-ақ Smart Home үйін жасай отырып, ақылды тұрмыстық құрылғылардың жұмысын қосуға және синхрондауға мүмкіндік береді.

"Жоғары жылдамдықты интернеттің артықшылықтарын отбасымызбен бірден байқадық: қажетті ақпарат бірден жүктеледі. Біз әртүрлі сервиске қол жеткізіп, сонымен қатар ақша үнемдеуге мүмкіндік беретін пакеттік ұсынысты таңдадық", – дейді "Қазақтелеком" желісіне қосылған жаңа тұрғын үй кешенінің алғашқы тұрғындарының бірі Надежда Таласова.

Айта кетейік, былтыр "Қазақтелеком" Семей қаласының жаңа ғимараттарын талшықты-оптикалық желіге қосу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп,  27 көпқабатты үйде 2000-ға жуық пәтерді интернетпен қамтыды.

"Компания үй салу кезеңінде де қажетті инфрақұрылымды құрып жатқанын атап өту маңызды. Бұл жаңа тұрғындарға саты алаңдарында және дайын жөндеу жұмыстары бар пәтерлерде қосымша жұмыстарды күтпей-ақ интернетке тез және еш қиындықсыз қосылуға мүмкіндік береді", – деп хабарлайды "Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионның Шығыс өңірінің коммерциялық директоры Қарлығаш Мұхаметрахимова.

Көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жоғары жылдамдықты интернетке қосу – бұл желіге қол жеткізу ғана емес, Семей және жалпы аймақ тұрғындары үшін толыққанды мүмкіндіктердің ашылуы: ақпаратқа жылдам қол жеткізу, білім беру, жұмыс, ойын-сауық үшін онлайн қызметтерді пайдалану, ақылды құрылғылардың көмегімен пәтерде қауіпсіз және жайлы цифрлық ортаны құру және т. б мүмкіндіктер. Қалаларда желілік инфрақұрылымды дамыта отырып, "Қазақтелеком" ауылдарды естен шығарған емес. Мәселен, биыл Абай өңірінің ауылдарында талшықты-оптикалық желіге 60-тан астам жеке үй қосылған. Келесі жылы компания жұмысты жалғастырып, облыстың тағы 9 ауылындағы 250-ден астам үйін "оптикаға" қосылуын жоспарлап отыр. Жаңа қосылым Аягөз ауданындағы Айнабұлақ, Самай, Қаражал  ауылдарын, Бородулиха ауданындағы Успенка ауылын, Ақсуат ауданындағы Сұлутал ауылын, Үржар ауданындағы Благодатное ауылын, Көкпекті ауданындағы Новостройка, Жұмба, Подгорное ауылдарында өткізіледі.

Талқылау