AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Сегіз тіл білетін қазақстандық полиглот жігіт тіл меңгерудің тиімді жолдары жайлы айтты

Әрсен Шәди қазақ тілі мен орыс тілінен бөлек тағы бірнеше тілде еркін сөйлейтін ер азамат. Айтуынша, ел ішінде өзін полиглот деп есептейді. Сегіз тіл білетін қазақ жігіті Stan.kz тілшісімен сұхбатында тілдерді қалай меңгергені жайлы айтып, үйрену әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

“Негізгі мамандығым – шығыстанушы. Ел ішінде мен полиглот деп таниды. Халықаралық қатынастар факультетін бітірдім. Қазақстандағы Шығыстану мектебінің өкіліміз десек болады. Көп жағдайда мені сұхбаттарға полиглот ретінде шақырып жатады. Этноспорт қауымдастығының ассоциясында Ұлттық спорт қауымдастығында халықаралық бөлім менеджері болдым. Қазіргі таңда магистратураға шетелге тапсыруға дайындық үстіндемін”, – дейді полиглот.

Тіл меңгеруді бала кезден бастадым

Бастауыш сынып кезінде, атап айтқанда, 1-сыныптың табалдырығын аттаған кезде тіл үйрене бастадым. Ең алғашқы меңгерген тілім –  орыс тілі. Себебі мектепте орыс сыныбына бардым. Білім баспалдағы тілдер әлеміне деген саяхат болды десем қателеспеймін. Үйде ата-анам қазақ тілінде сөйледі. Сондықтан өзге тілді ортаға енген кезде тіл үйрену процесі басталды. 

Тіл үйренудің грамматика, сөйлеу, жазу, тыңдау сияқты бағыттары ортаға түскен кезде дами бастайды, дейді Әрсен Шәди.

“Мектептегі ағылшын тілін үйрету деңгейі керемет емес екенін бәріміз білеміз. 2011 жылы мектептен тыс ағылшын тілін үйрену курсына бардым. Он жасымнан бастап ағылшын тіліне кірістім”, – дейді ол.

Мен үшін ең жеңіл тіл – түрік тілі болды

Әрсен Шәдидің айтуынша, оған үйренуге жеңіл болған тіл – түрік, ал қиыны – араб тілі болған.

“Бүгінгі таңда 8 тіл білемін. Украин және тәжік тілін есептегенде олардың саны онға жетеді. Бірақ бұл екі тілді жетік меңгерген тілдерге жатқызбаймын. Екі тілде жаңалық оқи алатындай деңгейдемін, оларды әлі де үйрену үстіндемін. Жалпы: орыс, ағылшын, араб, түрік, жапон, еврит тілдерін білемін.

Түрік тілі мен үшін жеңіл тіл болды. Оны меңгеру барысында мен арабша білетіндіктен және парсы тілін меңгеріп жүргендіктен жеңілге түсті. Түрік тіліндегі 60 пайыздан астамы – араб сөздері. Тарихи байланыс, сабақтастық бар болуы себебінен түрік тілінде араб сөздері көп. Ең қиынға соққан тілі араб тілі, дәл қазіргі уақытта үйренуге қиын болып жатқан тіл – жапон тілі. Таяу Шығыс тілдерін үйреніп қалған адам үшін Қиыр Шығыс тілі бөтен, өзіндік әлем десем артық айтқаным емес”, – дейді ол. 

Тіл үйренудегі әдіс-тәсілдер

Тіл үйренуде кез келген методиканы пайдаланам. Тіл игеруге деген қызығушылықты арттырған швед жазушысы Эрик Гуннемарк болды. Оның “Тіл үйрену өнері” кітабы маған әсер етті. Шынында тіл үйрену өнер деуге тұрарлық дүние.

  • Эрик Гуннемарк кітабында түрлі тәсілдер айтылады. Оны қарап көруге кеңес беремін. Жеке басым қолданатын тәсіл, сөздерді құрғақ сөздік қормен емес, сөйлемдік байланыстармен жаттау және олармен комбинация жасау. Жүз сөз біліп, оны пайдаланбағанға қарағанда, он сөз біліп оны белсенді түрде қолданған дұрыс. 
  • Тағы бір тәсіл, өзіңізді ортаға түскен сияқты елестету. Сұхбаттасатын адам болса, сонымен сөйлесу, ешкім болмаған жағдайда адамның өз-өзімен сөйлесуі. Қиялына ерік беріп, шекарадан шықса, бұл нәрсе мүмкін болады. 
  • Әр нәрсенің алгоритмі болатыны сияқты, тіл үйренудің де алгоритмі бар. Бәрі тілдің дәмін татумен басталады. Егер адам тілді мәжбүрлі түрде оқитын болса, нәтиже болмайды. Алғашқы баспалдық тілді ұнатудан басталады. Тілді ұнату оның дыбысталуынан болады екен. Менің мұсылман орыс досым бар. Исламға қалай келдің деген сұраққа, ол “араб тілінің “МашАллах”, “ИншАллах” деген сөздерінің дыбысталуына қызықтым” дейді. Айтуынша, өте әдемі, әсем естіледі. 

Полиглоттардың айтуынша, адам ең бірінші бір дүниені ұнатса, соның дыбысталуын ұнатады екен. Егер алгоритм бар десек, дыбысталуынан басталса керек. 

Полиглот болудың артықшылығы: Диплом алмай тұрып, жұмысқа шақырылдым

Сегіз тіл меңгерген Әрсен Шәди қабілетінің арқасында бірқатар мүмкіндіктерге ие болғанын айтады.

“Бакалавр бітірмей жатып, жұмысқа ұсыныс алдым. Ол уақытта қолымда диплом жоқ еді. Түсінгенім, диплом алу маңызды деген таптаурын етіп санамызға енген қағидалар өзекті емес. Бізге қоғамдық сана диплом алмасаң, адам бола алмай, өз орныңды таба алмай қаласың деген қорқынышты енгізіп қояды. Нәтижесінде адам осы қоғамдық сана байланған жолмен жүруге тырысады. 



Шын мәнінде, өз басымнан өткен оқиға өзіме де, жақындарыма да олай емес екенін дәлелдеді, бұл мысал өзімнен кейінгі іні-қарындастарыма үлгі болса деп ойлаймын. Диплом алмай тұрып, жоғары лауазымды қызметке шақырылдым. Полиглот болудың бір артықшылығы осы болды. Жұмысқа шақырушылар араб, парсы, түрік, ағылшын тілін жақсы меңгергенімді негізге алды”, – дейді ол. 

Тіл меңгерудің мен үшін артықшылығы жан-жақты ойлана алу, сананың шекарасын кеңейту, дейді полиглот.

“Бір тіл бір адам, екі тіл екі адам” деген сияқты қанатты сөздерге сүйенсек, жаһандық тұрғыда сегіз түрлі ұлттың менталитетінде ойлана алуға мүмкіндік аламын”, – дейді Әрсен Шәди. 

Дәл қазір еврит тілі мен жапон тілін меңгеру үстіндемін

Полиглот жігіттің айтуынша, жапон халқының дүниетанымы қазақтар, мұсылмандарға жақын. Бұл өз кезегінде осы тілді үйренуге қызығушылықты тудырған себептердің бірі болған.

“Жапон халқының мәдениетіне қызығушылық бар. Олардың танымы қазақтардың, мұсылмандардың танымына өте жақын. Әрине, олар бөлек халық. Жалпылама азиялық мәдениет, өркениеттенбіз, ұқсас тұстары көп. Жапондардың ұнайтыны – интимдік шекарасын сақтайтыны. Бір-бірінен бір-екі метр қашықтық сақтайды. Адамды қолынан ұстай салуға, құшақтауға болмайды, өзіндік шекарасы бар. 

Тағы бір үйреніп жүрген тіл – еврит. Еврит тілі араб тіліне туыстас. Ол да оңнан солға қарай жазылады. Бұл тілде де дауысты дыбыстар жоқ. Дыбыстық белгілер араб тілінде сызықшалармен берілсе, еврит тілінде нүктелермен беріледі. Ұқсас сөздері де өте көп. Еврейлер мен арабтар туыс халық, Ибрахим пайғамдардан тарайды. Шығыстанушы, зерттеуші ретінде бұл тілді зерттеу маған өте қызық”, – дейді Әрсен Шәди. 

 

Тілді грамматикасын білмей меңгеруге болады

Грамматикасыз сөйлеуді, басқаша айтқанда “көше тілін” үйрене аласыз. Бірақ академиялық деңгейде үйрену үшін грамматика керек болады. Бір тілді қанша уақытта меңгеру болады деген сұраққа жауап берсек, әр тілдің деңгейіне қарай. Ойлай алу, сөйлей алу деңгейіне жету, бастауыш деңгей үшін кемі жарты жыл уақыт керек. 

Тіл білуім табысымды арттырды

Негізгі табыс көзім – этноспорт саласында мамандығыма байланысты қызметім. Тіл үйрену табысқа әсер етті, қызмет барысында көмектесті. Студент кезде халықаралық конференцияларда аударма жасайтынмын. 

Қазіргі таңда өзімнің тіл үйрету курстарым бар. Араб, түрік, ағылшын тілдерін курстарда үйретеміз. Оқушыларымыз соңымыздан еріп келе жатыр. Қазір оқушылар тарапынан орыс тілін үйрету жайлы ұсыныстар түсіп жатыр. Қоғамда орыс тілін білу қажеттілігі бар. Осы бағыт бойынша курстар әзірлеу жоспарланып жатыр. 

Ирандық радиоға сұхбат бердім

Ирандықтармен байланыс өте жақсы. Қазақстанда парсы тілін білетін студенттер аз болғандықтан біз көзге тез түсеміз. Мәдениет үйінде іс-шаралар өткізгенде жақсы қарым-қатынас орнатқанмын. Ирандықтармен қарым-қатынас жақсы. Олар ынтымақтастыққа, бірге жұмыс істегу жиі шақырып тұрады. Сондай-ақ Ирандық телеарнаға жоба дайындап жатырмыз. Шыны керек, радиоға берген алғашқы сұхбатым болды. Ойлап қарасақ, медианың қарыштап дамуына қарамастан, радионың өзіндік әсері, рөлі бар. 

Шетелдік ұстаздардан білім алу бұйырды

Ағылшын тілін курсқа барып үйрендім, жазда демалу деген болмайтын, ал араб тілін Самал Абайқызы есімді ұстаз, елбасының аудармашысы, Қазақстанда ілеспе аударма (Адам сөйлеп тұрған кезде қоса аударып тұратын адам) жасайтын санаулы адамдардың бірі. Шетелдік араб ұстаздардан да білім алдық.

Түрік тілін университет қабырғасында түркітанушылармен бірге үйрендім. 

Парсы тілін Ираннан келген ұстаздан, сондай-ақ, университет қабырғасындағы мұғалімдерден үйрендім. Ал қалған тілдер өз бетімше үйренген тілдер деп айтуға болады. 

Адам өз бетімен тілді меңгере алады.

“Бұл – миф, аңыз емес. Мен бұған сенімдімін, осыған мысал болған адамдарды да көзім көрді. Соның “тірі үлгісі” болуға өзіміз де тырысып жатырмыз. 

Алдағы 5-6 жылда кітап жазу жоспарда бар. Қазір оның алғышарттарын жасап жатырмын. Өзімнің саяхаттарым жайлы, шығыстануға қатысты туынды шығару ниеті бар. Алдағы мақсатым, магистратураны шетелде оқу, елге оралған соң қызмет етіп, докторлықты оқу. Жиған-терген білімді беру, тарату. “Білімнің зекеті” деген ұғым бар, яғни жиған білімді таратпақ бар, бермек бар. Тіл – білімнің кілті, қазына кілті. Жеке дара тілді білу маған ештеңе бермейді. Ол тілдерді меңгерген соң пайдалану керек. Өзімнен кейін жастарға, іні-қарындастарға үлгі болғым келеді. Болашақта өзімді Сыртқы Істер саласында көремін”, – дейді Әрсен Шәди.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр