Саудагерді пышақтаған: Алматы облысында қауіпті қылмыскер іздестірілуде
Алматы облысында тонау кезінде дүкен қызметкерлерін пышақтаған қауіпті қылмыскер іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2015 жылдың сәуір айында Алматы облысы Алматы-Бішкек тас жолында орналасқан ірі сауда орталықтарының бірінің қауіпсіздік қызметі Қарасай аудандық полициясы кезекші бөліміне спорттық тауарлар бутигінен заттар ұрланғанын хабарлаған. Оларды ұстауға әрекет жасаған кезде қаскүнемдер аталған бутиктің үш қызметкерін пышақтаған.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі "қарақшылық шабуыл" және "бөтен мүлікті ұрлау" бойынша тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары кінәсін толық мойындаған 19 жастағы студентті ұстады. Екінші қылмыскерді іздестіру жалғастырылуда.
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді
"Енді қарызға той, туған күн жасамайды": Несие беру талаптарының қатаңдауы қазақстандықтарға қалай әсер етеді
Экономист: “Енді несиеге той, туған күн жасалмайды: Басты қауіп – ломбард пен пайыздық қарыз”