Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сасыған ет берген": Жетісу облысында балабақша асханасынан ішек бактериялары табылды

Жетісу облысы Қабанбай ауылындағы "Қуаныш 2" балабақшасында шу шықты. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ата-аналар мектепке дейінгі мекемедегі тамақтың сапасына шағымданды. Айтуларынша, мұнда балаларға мерзімі өтіп кеткен және иісі жағымсыз тартылған ет беріледі екен.

Сондай-ақ терезе алдындағы шаң мен әжетханадағы тарақандар ата-аналардың жағасын ұстатты. Осыған орай өңірдің санитарлық дәрігерлері аталған мекемеде жоспардан тыс тексеріс бастады. Зертханалық зерттеулерге ас блогының 4 персоналынан бактерия тасымалдаушылыққа алынған сынамалардан теріс нәтиже анықталды. Дайын тамақ өнімдерінен алынған 4 сынама оң нәтиже көрсетіп, 20 шайындының 2 сынамасынан ішек тобы таяқшасы бактериялары анықталды.

“Зертханалық зерттеулерге дайын тамақ өнімдерінен микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеуге сынама, микробиологиялық зерттеуге патогенді микрофлораға шайынды алынды. Нәтижесі жұмыс үстінде, тексеріс жалғасуда. Бүгін аяқталады. Тексеріс нәтижесі бойынша санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады”, – деді облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов. 

Талқылау