Сапарбаев: екі күнде 8 мың адам қайтарылды
11 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысындағы есебінде Қордайдағы тәртіпсіздіктерге қатысты 5 күннің ішінде 141 адам дәрігерге қаралғанын айтты. Оның 19 полиция қызметкері екенін және 10 адам көз жұмған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жергілікті әкімшіліктің көмегі көрсетілді. Мемлекет басшысы тарапынан көңіл айтылды. Барлық шараларға қатыстық. Қазіргі таңда Қордай ауруханасына 13 адам, Алматыдағы ауруханаға 25 адам, Қырғызстандағы ауруханаға 9 адам жеткізілген.
Мықты дәрігерлер шақырдық. Комиссия өртенген ғитмраттарды тексеріп жатыр. Алдағы уақытта қандай көмек керек екенін айтатын боламыз. 3 күнде 5 елді мекенде халықпен кездестік.
2 күнде 8 мыңға жуық адам қайтарылды, сауда дүкендері, мектептер жұмыстарын бастады. Өртенген үйлердің құрылыстарын салу кезінде жергілікті құрылыс компаниясы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта елді мекендерден шыққан кәсіпкерлермен жұмыс істеп жатырмыз",-деді ол.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр